Қазақстан құрамасы Монакоға есе жіберді

07.02.2026    Оқылғаны: 612
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Астанадағы Beeline Arena корттарында Дэвис Кубогының Бірінші әлемдік тобына іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан мен Монако матчы аяқталды.

Жеке сындағы төртінші кездесу шешуші болды: онда Александр Бублик Валентен Вашеромен шеберлік байқасты. Ойын басталғанда жалпы есеп 2:1 болып, Монако құрамасы алда тұрған еді. Тартысты өткен бәсекеде қазақстандық теннисші қарсыласына екі тай-брейкте жол берді - 6:7 (4:7), 6:7 (7:9).

Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы қыркүйек айында Дэвис Кубогының Екінші әлемдік тобында өнер көрсетеді. Онда біздің команда Бірінші әлемдік топқа жолдама алу үшін бақ сынайды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер