Александр Бублик Гонконг турнирінде чемпион атанды

12.01.2026    Оқылғаны: 293
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Гонконг ATP 250 турнирінде топ жарды.

Қазақстандық теннисші шешуші бәсекеде әлемнің жетінші, осы жарыстың  бірінші ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен кім мықтыны анықтады. 

Спортшылар осыған дейін өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде Бублик жеңіске жеткен еді. Бұл жолы қазақстандық теннисші 7:6 (7:2), 6:3 есебімен басым түсті. Осылайша, Александр ATP додаларында тоғызыншы титулына қол жеткізді. Сонымен қатар алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде ол алғаш рет үздік ондыққа кіреді. 

Кеше сондай-ақ тағы бір қазақстандық, әлемнің 235-ракеткасы Тимофей Скатов Бангалор (Үндістан) челленджер турнирінің финалында өнер көрсетті. Ол финалда әлемнің 96-ракеткасы, испаниялық Педро Мартинес Портероға есе жіберді – 6:7 (5:7), 3:6. Соған қарамастан, Скатов ATP Live рейтингісінде бірден 195-орынға көтеріліп тұр.
 


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер