Серіктестер

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында! Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері. Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

«Қазцинк» – Қазақстандағы түсті металлургия көшбасшыларының бірі, мыс, бағалы металдар мен қорғасын ілеспе өндірісінің үлкен үлесі бар мырыштың біріктірілген ірі өндірушісі. Компания 1997 жылы құрылды. Оның кәсіпорындары Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында орналасқан. «Қазцинк» маңызды жобаларға қаржылай көмек көрсетіп, қалалардың әлеуметтік дамуына белсенді қатысады. «Қазцинк» компаниясының қолдауымен Өскемен қаласында «Smash» теннис орталығы салынды. Орталықта 7 ашық және 4 жабық корт бар, онда 320 адам жаттығып, 200 көрермен теннис ойындарын тамашалай алады.

«Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамы 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды. Қордың жалғыз акционері - Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қор Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеті жүктелген инвестициялық холдинг.

The AQUAROSSA компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында жоғары сапалы ауыз су өндірумен айналысады. AQUAROSSA Қазақстан теннис федерациясы өткізетін барлық теннис турнирлері мен басқа да іс-шаралардың ресми суы.

«Давай Сходим!» - ең қызықты іс-шаралар мен көрнекті орындарды насихаттауға бағытталған медиа-жоба. Біз балалар үшін де, жастар үшін де іс-шаралардың қолжетімділігі мен пайдалылығына баса назар аудара отырып, қаладағы түрлі ойын-сауық және мәдени іс-шаралар туралы айтамыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер