Жібек Құламбаева: «Мен өте керемет, агрессивті түрде ойнадым деп ойлаймын»

14.07.2021    Оқылғаны: 416
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Жауынның жаууы «Президент Кубогының» төртінші ойын күніне кедергі келтірмей қоймады. Елорданың ауа-райы Kerey Challenger 80 және Tomiris W60 турнирлерін ұйымдастырушыларды әбден састырды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
 
Ерлер арасындағы жеке ойындарды ертеңгі күнге, ал жекелей ерлер және  әйелдер сындарын залда өткізу туралы шешім қабылданды. Жібек Құламбаева бірінші айналымда ресейлік Ангелина Губаеваны 1 сағат 9 минутта 6:2, 6:1 есебімен жеңді.
 
«Ойынды басынан аяғына дейін өз бақылауымда ұстап, қарсыласқа жоғары деңгейде қысым көрсету арқылы жеңісті уысымда ұстадым. Кездесу барысында ешқандай құлдырау болған жоқ, сол жақта өте күшті және агрессивті ойнадым, ритмді үнемі өзгерте жүріп, бүкіл матчты жақсы өткіздім. Мен өз ойыныма назар аударамын және жақсы әрекет ету үшін не істеу керегін білемін!»- деп атап өтті Құламбаева.
 
Қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін Беларусь спортшысы Ирина Шимановичпен ойнайды. Тағы бір теннисшіміз Екатерина Дмитриченко өзбекстандық Нигина Абдураимоваға 2:6, 1:4 есебімен жол берді. Катя екінші сетте  жарақат алып, ойынды одан әрі жалғастырудан бас тартты.
 
Қазақстандық ерлер үшін кезекті ойын күні сәтсіз болды. Жұптық сында Григорий Ломакин Артем Дубривныймен (Ресей) тізе қосып, Петр Полански (Канада) және Сергей Стаховский (Украина) жұбынан 6:4, 3:6, 6:10 есебімен жеңіліп қалды.
 
Денис Евсеев Евгений Карловскиймен дуэтте италиялық Алессандро Бегу мен франциялық Корент Деноллиге шамалары жетпеді. Есеп: 6:3, 3:6, 5:10.
 
Матчтардың тікелей эфирін WWW.KTF.KZ сайтынан тамашалауға болады
 
Турнирлердің бас демеушісі – Beeline.
Ресми серіктестер – Kazzinc, Samruk Kazyna, және Aqua Rossa.

 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер