Үшінші ойын күні қазақстандықтар жеңіске жете алмады

14.07.2021    Оқылғаны: 326
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қыздарымызға қарағанда, біздің жігіттеріміз Kerey Challenger 80 турнирінде нашарлау ойын көрсетіп, жанкүйерді қуанта қоймады. Евсеев, Ломакин, Ташбулатов/Хабибулин өз матчтарында басымдық көрсете алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
 
Денис Евсеев жарыстың бірінші айналымында 3:6, 3:6 есебімен Босния және Герцеговина өкілі Мирза Башичке жол берді. Спортшылар кортта 1 сағат 12 минут уақыт өткізді. Осы уақыт ішінде Денис 2 қосарланған қате жіберіп, 10 брейк-поинттың жетеуін жүзеге асырды.
 
Григорий Ломакин екі сетте турнирдің жетінші ракеткасы Петр Поланскийден жеңілді. Канада теннисшісі бірінші сетте  6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда Ломакин қарсыласқа лайықты жауап қатып, ойын тай-брейкке дейін жетті - 7:6.
 
Достанбек Ташбулатов отандасы Тимур Хабибулинмен жұптасып ресейліктер Андрей Кузнецов және Роман Сафиуллиндерге қарсылық көрсеткен жоқ. Ойын 0:6, 3:6 есебімен аяқталды.
 
Матчтардың тікелей эфирін WWW.KTF.KZ сайтынан тамашалауға болады.
 
Турнирлердің бас демеушісі – Beeline.
Ресми серіктестер – Kazzinc, Samruk Kazyna, және Aqua Rossa.

 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер