Бейбіт Жұқаев мінез көрсетіп, жеңіске жетті

13.07.2021    Оқылғаны: 275
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Нұр-Сұлтандағы Ұлттық теннис орталығында President' s Cup 2021 аясындағы Kerey Challenger 80 турнирі негізгі себетінің алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жұқаев әлемдік рейтингте өзінен 1000 орын жоғары тұрған қарсыласын жеңді. Бейбіт үш сетте америкалық Ник Чаппелден 4:6, 6:3, 7:6 (8:6) есебімен басым түсті.
Қазақстандық 2 сағат 20 минутқа созылған матчта 12 эйс және екі брейк жасап, доп беруде төрт рет қателесті. Ал Ник допты алты рет құр жіберіп, екі брейк-пойнтты жүзеге асырды және 8 мәрте қосарланған қате жіберді.

 Ақтау теннис мектебінің тәрбиеленушісі екінші айналымда ресейлік Артем Дубривный және британиялық Джей Кларк жұбының жеңімпазымен кездеседі. Жұқаев қатысатын матчты www.ktf.kz сайтынан тікелей эфирде көруге болады. 

«Шешуші сәттерде дұрыс соққылар жасап, қажетті тактиканы қолданып, ойынға деген құлшынысымды жоғалтпағаныма қуаныштымын. Доп беруде мүлт кеткен жоқпын: алғашқы доп беру есебінен 74% ұпай жеңіп алдым, дәл осы сәт жеңіске бастар жол болуы ғажап емес», - деп атап өтті Жұқаев.

Достанбек Ташбулатов алғашқы ойынында-ақ аустралиялық Джейсон Кублерден ұтылды, есеп: 1:6, 3:6.
 
Турнирлердің бас демеушісі – Beeline.
Ресми серіктестер - Kazzinc, Samruk Kazyna, және Aqua Rossa.

 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер