Айнитдинова, Дмитриченко және Құламбаева wild card алды

12.07.2021    Оқылғаны: 278
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның әйелдер арасындағы басты теннис турнирі коронавирус пандемиясына байланысты бір жылдық үзілістен кейін елордаға оралады. President's Cup 2021 жарысы аясында ITF World Tennis Tour Tomiris W 60 турнирдің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Биыл турнир скиф патшайымы Томиристің есімімен аталды.

Негізгі себетте ұйымдастырушылардан wild card алған үш қазақстандық ойнайды. Гозаль Айнитдинова бастапқы раундта Екатерина Казионоваға қарсы шығады. Екатерина Дмитриченко мен Жібек Құламбаеваның қарсыластары іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша анықталады.

Татьяна Николенко, Карина Резванова, Адель Исмагулова, Елизавета Гнилозубова, Софья Чурсина және Тамара Черкасова сынды жас қазақстандықтарға беделді жарыстың басты раундына жолдама алуға тамаша мүмкіндіктер туып тұр Олар ертең өздерінің іріктеу матчтарын өткізеді.

Матчтардың тікелей эфирін WWW.KTF.KZ сайтынан тамашалауға болады

Турнирлердің бас демеушісі – Beeline.
Ресми серіктестер – Kazzinc, Samruk Kazyna, Aqua Rossa,

 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер