President' s Cup 2021. Қазақстандық теннисшілердің бастапқы матчтарындағы қарсыластары анықталды

10.07.2021    Оқылғаны: 262
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Сенбі күні, 10 шілдеде Ұлттық теннис орталығының орталық ашық кортында Kerey Challenger 80 жарысының жеке және жұптық сайыстарының ресми жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
 
Қазақстандықтар арасында алғаш болып електен өткен Денис Евсеев Босния және Герцеговина теннисшісі Мирза Басичпен ойнайды. Ұйымдастырушылар тарапынан wild card-қа ие болған қазақстандықтардың қарсыластары да белгілі болды. Григорий Ломакин бастапқы ойында канадалық Петр Поланскимен кездеседі. Достанбек Ташбулатов австралиялық Джейсон Кублердің арынын басуға тырысса, Бейбіт Жұқаев америкалық Ник Чаппеллге қарсы ойын өткізеді.

Сондай-ақ, жұптық сында жеребе тастау нәтижелері белгілі болды. Достанбек Ташбулатов пен Тимур Хабибулин ресейліктер Андрей Кузнецовқа/Роман Сафиуллинге қарсы ойнайды. Денис Евсеев Ресей өкілі Евгений Карловскимен жұптасып, бірінші раундта украиналық Владислав Манафовпен және ресейлік Павел Котовпен ойнайды. Григорий Ломакин мен ресейлік Артем Дубринді қиын сынақ күтіп тұр. Олар турнирдің бірінші айналымында канадалық Петр Поланскимен және украиналық Сергей Стаховскимен кездеседі.

Еске сала кетейік, President' s Cup 2021 аясындағы екі ерлер турнирі Керей мен Жәнібектің құрметіне аталған. Өздерін "қазақтар" деп атаған халықтың пайда болуы, сондай-ақ жаңа мемлекеттің тарихи аренасына шығуы солардың есімдерімен байланысты екені белгілі. Керей мен Жәнібек тарихта Қазақ хандығының негізін қалаушылар ретінде қалған.
 
Турнирлердің тікелей эфирін WWW.KTF.KZ сайтынан тамашалауға болады.

Турнирлердің бас демеушісі – Beeline.
Ресми серіктестер – Kazzinc, Samruk Kazyna және Aqua Rossa.

 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер