Денис Евсеев пен Дмитрий Попко Алматы турнирінің екінші айналымына шықты

16.06.2021    Оқылғаны: 980
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Алматы қаласында ерлер арасында "Beeline Business Challenger 80 Almaty" турнирі өтуде, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық Денис Евсеев жарыстың екінші айналымына шықты. Д.Евсеев бастапқы кездесуін ресейлік Евгений Тюрневпен өткізіп, 6:7 (10:12), 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Тартысты бәсеке 2 сағат 12 минутқа созылды. Денис бір рет эйс жасап, бес брейкке қол жеткізді. Қарсыласы 19 эйс, 3 брейк жасады. Бұл олардың өзара алғашқы кездесуі еді.

Дмитрий Попко бірінші айналымда хорватиялық Нино Сердарушичті 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Екінші кезеңде Дмитрий Чили елінің спортшысы Марсело Верамен кезедседі.

Өткен аптада Алматыдағы бірінші челленджер жарысының финалына дейін жеткен тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов бұл жолы босниялық Мирза Башичке 3:6, 1:6 есебімен есе жіберіп, алғашқы айналымнан аса алмай қалды.

Барлық матчтардың тікелей эфирін WWW.KTF.KZ сайтынан көруге болады.

Турнирлердің бас демеушісі - " Beeline»

Ресми серіктестер – "Kazzinc", "Samruk Kazyna", "Aqua Rossa", "BMW Kazakhstan".


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер