Александр Бублик Майами мастерс турнирін сәтті бастады

20.03.2025    Оқылғаны: 184
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 80-ракеткасы Александр Бублик Майами (АҚШ) мастерс турнирінің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 36-ракеткасы, аргентиналық Себастьян Баэспен өткізді.

Қарсыласының ATP рейтингісінде жоғары тұрғанына қарамастан, Бублик сәтті ойнай білді — 6:3, 6:4.

Александр Бублик үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Томми Полмен шеберлік байқастырады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер