Александр Бублик Монпелье турнирінің ширек финалына жолдама алды

30.01.2025    Оқылғаны: 675
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші доданы екінші айналымнан бастады.

Дүниежүзілік рейтингіде 118-орында тұрған германиялық Доминик Кёпфермен кездесуде бірінші партия 6:4 есебімен Бубликтің пайдасына шешілді. Қазақстандық теннисші екінші сетте де қарқынын жоғалтқан жоқ – 6:2.

Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 98-ракеткасы, италиялық Маттия Беллуччи немесе рейтингіде 102-сатыдағы америкалық Александр Ковачевичтің қай жеңгенімен таласады.

Өткен жылы Монпельеде Бублик үздік шыққан еді. Биыл сол атағы мен рейтингілік ұпайын қорғауы тиіс. 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер