Қазақстан алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына өтті

01.01.2025    Оқылғаны: 198
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Аустралияда өтіп жатқан United Sup турнирінде Қазақстан құрамасы Германияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Екінші жекелей сында Германиядан әлемнің 2-ракеткасы Александр Зверев ойнамай қалды да, оның орнына рейтингіде 254-орындағы Даниэль Мазур шықты.

Мазур бірінші партияда Александр Шевченкодан 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.

Дегенмен осыдан кейін қазақстандық теннисші камбэк жасай білді — 6:2, 6:2.

Осылайша, есеп 2:0 болып, Қазақстан құрамасы өткен жылғы чемпионнан айласын асырып, алғаш рет жартылай финалға шықты.

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов қазақстандық теннисшілерді United Cup  турнирінің жартылай финалына шығуымен және Испания, Грекия, Германия құрамаларын жеңуімен құттықтады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер