United Cup турнирі: Елена Рыбакина бастаған Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне шықты
Аустралияның Сидней және Перт қалаларында теннистен аралас командалық сында өтіп жатқан United Cup турнирінің С тобында Қазақстан құрамасы Грекияны тізе бүктірді.
Екінші ойында әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингіде 32-орында тұрған Мария Саккари шеберлік байқасты. Саккари — кезінде әлемдік рейтингіде 3-сатыға дейін көтерілген теннисші. Бірінші партияны Рыбакина брейкпен түйіндей алды — 6:4. Екінші сетте Елена бірден брейк жасап, алға кетті — 2:0. Тағы бір брейк — 4:0. Дегенмен матчқа доп бергенде, Саккари брейк жасап кетті — 2:5. Бәрібір жеңіс Рыбакинаның еншісінде қалды — 6:3.
Осылайша, Қазақстан — Грекия матчында Рыбакина есепті 2:0-ге жеткізді.
Өз тобында Испания мен Грекияны жолдан тайдырған Қазақстан плей-офф кезеңіне жолдама алды. Қазақстандықтар жаңа жылдың алғашқы күні ширек финалда Е тобында (Қытай, Бразилия және өткен жылғы жеңімпаз Германия) 1-орын алған құрамамен ойнайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
11.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
10.07.2025
ҚТФ баспасөз қызметі