Теннистен United Cup турнирі: Александр Шевченко әлемнің 11-ракеткасын жеңді
Аустралияның Сидней және Перт қалаларында теннистен аралас командалық сында өтіп жатқан United Cup турнирінде Қазақстан құрамасы Грекия құрамасына қарсы ойында алға шықты.
Кортқа алғашқы болып дүниежүзілік рейтингіде 78-орында тұрған Александр Шевченко мен әлемнің 11-ракеткасы Стефанос Циципас шықты.
Қазақстандық теннисші бірінші партияны 6:4 есебімен аяқтаса, екінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:0).
Енді Елена Рыбакина мен Мария Саккари сынға түседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.