Теннистен United Cup турнирі: Қазақстан құрамасы Испанияны жеңді
Аустралияның Сидней және Перт қалаларында теннистен аралас командалық сында өтіп жатқан United Cup турнирінде Қазақстан құрамасы Испаниядан басым түсті.
Шешуші, жұптық сында Елена Рыбакина – Александр Шевченко испаниялықтар Ивон Кавалье-Реймерс – Пабло Каррено-Бустамен кортқа шықты.
Тартысты өрбіген бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда қазақстандықтар әбжілдік танытты – 7:6 (7:4).
Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Шевченко – Рыбакина брейк жасай алды. Алайда испаниялықтар таразы басын теңестіріп кетті – 4:4. Бұл жолы тай-брейкте Кавалье-Реймерс – Каррено-Буста сәтті ойнады – 7:6 (7:2).
Супер тай-брейкте қазақстандық дуэт жеңісті жұлып алды – 10:7.
Рыбакина мен Шевченко жұптық сында сирек өнер көрсететіне қарамастан, бұл жолы өз мүмкіндіктерін жақсы пайдалана білді.
.jpeg)
Осылайша, Қазақстан Испанияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Бірінші ойында Алеесандр Пабло Каррено-Бустаға жол берсе, Елена Джессика Буссас Манейраны ұтты.
Енді қазақстандықтар С тобында 30 желтоқсан күні Грекия құрамасымен ойнайды. Онда Рыбакина рейтингіде 32-орындағы Мария Саккаримен, Шевченко әлемнің 11-ракеткасы Стефанос Циципаспен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.