Александр Бублик Париж мастерс турнирін жеңіспен бастады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы, 27 жастағы Александр Бублик Париж мастерс турнирінің екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін кезінде дүниежүзілік рейтингіде 9-орынға дейін көтерілген, қазір 79-сатыда тұрған 37 жастағы италиялық Фабио Фоньинимен өткізді.
Осыған дейін А.Бублик Чэнду (Қытай) турнирінде үшінші айналымнан аса алмаса, одан кейін Бейжің, Шанхай және Базельде бірінші матчта-ақ жеңіліс тапқан еді.
Бұл жолы бірінші партияда аса тәжірибелі италиялық теннисші 2:0 есебімен алға кеткенімен, Бублик есе қайтара білді – 7:5.
Екінші сет те дәл осындай есеппен аяқталды – 7:5.
Александр Бублик 1/8 финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, даниялық Хольгер Руне немесе рейтингіде 38-сатыдағы тағы бір италиялық Маттео Арнальдидің қай жеңгенімен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.