Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатына жолдама алды

23.08.2024    Оқылғаны: 403
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Қазақстандық теннисші, әлемнің 190-ракеткасы, 23 жастағы Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті қорытындылады.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 104-ракеткасы, ұлыбританиялық, 29 жастағы Билли Харриспен негізгі доданың жолдамасын сарапқа салды.

Бірінші партияда Харрис 6:4 есебімен басымдылық танытты.

Есесіне екіншісінде Скатов азулы қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0.

Үшінші, шешуші сетте Тимофей матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:3.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер