US Open: Тимофей Скатов іріктеу сайысының финалына шықты

22.08.2024    Оқылғаны: 452
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Әлемнің 190-ракеткасы, 23 жастағы Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионаты іріктеу сайыстарының финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисшінің іріктеу сайыстарының жартылай финалында отандасы, әлемнің 218-ракеткасы Бейбіт Жұқаевпен ойнауына тура келді.

Матчты Бейбіт сәтті бастады – 6:3. Екінші сетте тай-брейкте таразы басы Скатовқа ауды – 7:6 (7:5). Үшінші, шешуші партияда Тимофей күш алып кетті – 6:1.

Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 104-ракеткасы, ұлыбританиялық, 29 жастағы Билли Харриспен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, АҚШ ашық чемпионатына жолдама алады. 

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 207-сатыдағы Денис Евсеев іріктеу сайысында екінші кездесуінде әлемнің 130-ракеткасы, нидерландылық Йеспер де Йонгтан жеңіліп қалды – 3:6, 2:6.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер