Жібек Құламбаева Сербияда камбэк жасап, турнирдің 7-ракеткасын ұтты
Қазақстандық теннисші, әлемнің 427-ракеткасы, 24 жастағы Жібек Құламбаева жекелей сында Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің – 306, осы жарыстың 7-ракеткасы, канадалық Карсон Брэнстинмен кездесті.
Матчты канадалық спортшы сәтті бастады – 6:3. Бұдан кейін Жібек ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді – 6:1, 6:3.
Тартысты өткен бәсеке 1 сағат 51 минутқа созылды.
Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 351-ракеткасы, тағы бір канадалық Виктория Мбоко немесе рейтингіде 431-сатыдағы франциялық Сара Цакаревичтің қай жеңгенімен ойнайды.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
13.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі
12.10.2024
ҚТФ баспасөз қызметі