Бейбіт Жукаев Ұлыбританияда негізгі жарысқа жолдама алды
Бейбіт Жукаев Илкли (Ұлыбритания) челленджер турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді.
Қазақстандық теннисші алдымен екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта әлемнің 177-ракеткасы, португалиялық Жайме Фарияны қапы қалдырды - 6:3, 6:7 (5:7), 6:1). Бейбіт Жукаев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 190-ракеткасы, бельгиялық Йорис Де Лорені айқын басымдылықпен ұтты – 6:3, 6:1. Осылайша, Бейбіт жүлде қоры 148 625 еуроға бағаланған негізгі жарысқа жолдама алды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.