
Бейбіт Жукаев Ұлыбританияда Астана турнирінің финалисін ұтты
Бейбіт Жукаев Сурбитон (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 105-ракеткасы, Astana Open ATP 250 жарысының финалисі, Аустралия өкілі Джеймс Дакворттан айласын асырды.
Бейбіт 1 сағат 29 минутқа созылған матчта 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті. Жұқаев 15 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.
Бейбіт жартылай финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Ллойд Харриспен ойнайды
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
06.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
05.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі