
Жібек Құламбаева Италиядағы жарыстың жартылай финалына өтті
Жібек Құламбаева жұптық сында Бари (Италия) челленджер жарысының жартылай финалына өтті.
Қазақстандық теннисші португалиялық Франчиска Хорхемен бірге ширек финалда аргентиналық Надя Подороска – румыниялық Ирина Барэнің меселін қайырды.
Қазақстандық-португалиялық жұп 7:5, 6:3 есебімен басым түсті.
Құламбаева – Хорхе финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, қазақстандық Анна Данилина – ресейлік Ирина Хромачёва немесе франциялық Эстелль Кашино – грузиялық Натела Дзаламидзе жұптарының қай жеңгенімен ойнайды.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



























