
Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың жартылай финалына өтті
Тимофей Скатов Аугсбург (Германия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 329-орында тұрған америкалық Тоби Алекс Кодатпен кездесті.
Бір сағат 42 минутқа созылған тартысты матчта Скатов 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемнің 310-ракеткасы, Германия өкілі Даниэль Мазурмен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

























