Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінің ширек финалына шықты

14.05.2024    Оқылғаны: 361
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг кубогінің Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға шықты.

Ярослава Шведованың шәкірттері бүгін А тобында Индонезия құрамасын 3:0 есебімен жеңді.

Алдымен Ева Корышева бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Наомиді тас-талқан қылды - 6:0, 6:0.

Ариана Гогулина Синклердің мысын басты - 6:4, 6:2.

Жұптық сында Гогулина Альбина Кәкеновамен бірге командаға үшінші ұпайды әперді - 6:0, 6:2.

Қазақстан құрамасы 15 мамырда Жапониямен ойнайды. Осы матчта қай команданың А тобынан бірінші орынмен ширек финалға шығатыны белгілі болады. Жапониялықтар да Қазақстан секілді мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.

Іріктеу турнирінде жартылай финалға шыққан төрт команда әлем чемпионатына барады.

Турнирдің бас демеушісі - Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы

Турнир серіктесі - «Marai» ауыз суы

Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының демеушілері - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қоры


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер