Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Шымкент қаласында Belline Arena ұлттық теннис орталығында Asia/Oceania Final Juniors Billie Jean King Cup іріктеу турнирінің алғашқы күні мәресіне жетті.
Қазақстандық жасөспірім қыздар бастапқы кездесуінде Вьетнам құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Алдымен Альбина Кәкенова Нгуенге еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:1, 6:1. Содан кейін Ариана Гогулина Вуды тізерлетті – 6:1, 6:2.
Жұптық бәсекеде А.Кәкенова Ева Корышевамен бірге Ву – Квангқа бір ғана гейм берді – 6:0, 6:1.
А тобында Қазақстан бірінші, Жапония екінші орында келеді. Қос командада үш ұпайдан бар.
Бүгін Ярослава Шведованың шәкірттері жапониялық қыздарға есе жіберген Индонезиямен ойнайды.
Турнирдің бас демеушісі - Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы
Турнир серіктесі - «Marai» ауыз суы
Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының демеушілері - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қоры
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.