
Мадрид турнирінің ширек финалында Путинцева мен Рыбакина ойнайды
Юлия Путинцева Мадрид WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен шеберлік таластырды.
Қос теннисші осыған дейін өзара бір рет кездесіп, онда ресейлік спортшы жеңген еді.
Бұл жолы Путинцева ойынды тамаша бастап, 3:0 есебімен алға шыққанымен, сосын алты геймді қарсыласына беріп қойды – 6:3.
Есесіне екінші сетте есе қайырды – 6:2.
Үшінші, шешуші партияда есеп 3:2 болған мезетте аса тартысты геймде Юлия брейк жасай алды. Сосын матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.
Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, отандасы Елена Рыбакинамен сынға түседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

























