
Юлия Путинцева Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің 1-ракеткасына жол берді
Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекке қарсы келді. Осыған дейін екі кездесуде де Ига басым түскен еді.
Бұл жолы бірінші партияда Швентек айқын басымдылық көрсетті – 6:1. Ол екінші партияда да сол қарқынынан танған жоқ – 6:2.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
07.02.2026
ҚТФ баспасөз қызметі

























