Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жеңімпазы атанды

02.03.2024    Оқылғаны: 322
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Жібек Құламбаева жұптық сында Гургаон (Үндістан) ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық теннисші үндістандық Анкита Раинамен бірге жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген еді. Құламбаева - Раина финалда доданың 2-ракеткалары, швециялық Жаклин Кабай Авад - литвалық Юстина Микульскитемен чемпиондық атақты сарапқа салды. Қазақстандық-үндістандық жұп 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер