
Александр Бублик Дубайда 22 эйс жасап, ширек финалға шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирінің ширек финалына өтті.
Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 28-орында тұрған нидерландылық Таллон Грикспормен сынға түсті.
Матчтың тартысты өткені сондай, екі сет те тай-брейкпен аяқталды. Онда Бублик 7:6 (10:8), 7:6 (7:2) есебімен басымдылық танытты.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 22 эйс жасап, 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.
Александр Бублик жүлде қоры 2,9 млн АҚШ долларына бағаланған доданың жартылай финалына шығу үшін рейтингіде 38-сатыдағы чехиялық Иржи Лехечкамен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
21.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі