
Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирінің екінші айналымына өтті
Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирін сәтті бастады.
Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 65-орында тұрған, доданы іріктеу сайысынан бастаған чехиялық Томаш Махачпен өткізді.
Чехия өкілі матчты қарқынды бастады — 6:2.
Есесіне екінші сетте Бублик есе қайырды — 6:3.
Үшінші, шешуші партияда есеп 6:5 болып, матчқа доп бергенде, Бублик сол мүмкіндігін мүлт жіберді. Дегенмен тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 7:6 (7:5).
Александр Бублик жүлде қоры 2,9 млн АҚШ долларына бағаланған турнирдің ширек финалына шығу үшін әлемнің 28-ракеткасы, нидерландтық Таллон Грикспорпен шеберлік байқасады.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
21.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі