
Бейбіт Жукаев Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады
Қазақстандық, әлемнің 188-ракеткасы Бейбіт Жукаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады.
Бейбіт іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингіде 511-орында тұрған аустралиялық Николас Кикермен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші бет қаратқан жоқ – 6:1. Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Ақыры сол бағытынан айныған жоқ – 6:4.
Бір сағат 18 минутқа созылған бәсекеде Жуқаев 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ.
Бейбіт іріктеу турнирінің жартылай финалында әлемнің 99-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастонмен шеберлік байқасады
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.























