Юлия Путинцева Хобартта ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды

09.01.2024    Оқылғаны: 571
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның екінші, әлемнің 64-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 45-ракеткасы, италиялық Элизабетта Кочареттомен сынға түсті. Бірінші партияда италиялық спортшы бет қаратпады – 6:0. Кочаретто екінші сетте де 5:2 есебімен алда тұрып, матчқа доп берді. Дегенмен бұдан кейін Путинцева қатарынан бес геймді алды – 7:5. Үшінші, шешуші партияда есеп 5:4 болған мезетте италиялық теннисші тағы да матчқа доп бергенімен, Юлия қайыра брейк жасады. Ақыры ол тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).

Юлия Путинцева ширек финалына шығу үшін әлемнің 35-інші, доданың 5-ракеткасы, чехиялық Мария Боузкова немесе рейтингіде 90-сатыдағы швейцариялық Виктория Голубичтің біреуімен кездеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер