Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты

23.11.2023    Оқылғаны: 762
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Бейбіт 187-ден 186-ға көтерілді.

Бұл – оның дүниежүзілік рейтингтегі үздік көрсеткіші.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-орнын сақтаса, Тимофей Скатов – 215, Денис Евсеев – 226, Михаил Кукушкин 229-сатыда тұр.

Жұптық сында Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орнында қалды.

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орында келеді. Юлия Путинцева – 69, Аружан Сағындықова 787-сатыда.

Жұптық сында Анна Данилина – 56, Рыбакина – 118, Жібек Құламбаева 143-орынға жайғасты.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер