
Бейбіт Жукаев әлемдік рейтингіде 53 сатыға жоғары көтерілді
Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 35-тен 36-ға сырғыды.
Тимофей Скатов 134-тен 190-ға құлдырады. Есесіне басқа теннисшілер көрсеткіштерін едәуір жақсартты. Михаил Кукушкин 245-тен 211-ге, Денис Евсеев 260-тан 240-қа көтерілді.
Бейбіт Жұқаев бірден 53 сатыға жоғарылап, 302-ден 249-ға жайғасты.
Жұптық сында Александр Недовесов 45-тен 43-ке, Андрей Голубев 65-тен 62-ге шықты.
Қазақстанның әйелдер арасында бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингісінде 5-орында қалса, Юлия Путинцева 68-ден 66-ға көтерілді.
Жұптық сында Анна Данилина 32-сатыда тұрса, Рыбакина 116-дан 115-ке ауысты. Жібек Құламбаева 154-тен 157-ге төмендеді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
20.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
20.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
19.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
19.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.06.2025
ҚТФ баспасөз қызметі