Таллон Грикспор теннистегі карьерасын аяқтаған соң немен айналысатынын айтты

01.10.2023    Оқылғаны: 653
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Әлемнің 24-ракеткасы Таллон Грикспор (Нидерланд) мотоцикл жарысына деген құштарлығы жөнінде айтты. Ол теннистегі карьерасын аяқтаған соң осы спорт түріне оралуды ойлап жүр.
 «Әкем, өкінішке қарай, мотожарысты тастап кетті, бірақ жиендерім шұғылданады. Отбасымдағылар «мотожарыс», «теннис» деп бөлініп жатады. Бұрынырақ жас кезімде өзім де шұғылдандым, әлі де ұнайды және көп жарысты қараймын. Алайда қазір бұл өте қауіпті. Юниорда ойнап жүргенімде жастықтықпен матчқа бір-екі күн қалғанда айдаймын деп, білегімді жарақаттап алғаным есімде, үш аптадан кейін ғана турға оралдым. Ата-анам сөйтіп байкқа тыйым салды. Экстремал спортты қатты сағындым және теннистегі карьерамды аяқтаған соң бұл спортпен айналысамын деп ойлаймын», - деді Таллон баспасөз мәслихатында.

Нидерланд ерлер құрамасының көшбасшысы «Дэвис кубогының» қазіргі форматын сынға алды.

«Біздің командамыз расында да мықты. Екі апта бұрын Сплитте өте жақсы өнер көрсеттік. Жігіттер қалпында. Бұл командаға сенемін: былтыр біз 1/4 финалға дейін жеттік, биыл да мықты көп команданы жеңіп, жетістігімізді қайталадық. Сплиттегі үш матчтың бәрін, оның ішінде жарысты өткізіп отырған Хорватиямен ойынды да жанкүйерсіз өткіздік. Олар 200 көрерменді жинаған, оның жартысы - хорваттар да емес, даниялықтар. Кешірім өтінемін, бірақ бұл менің көңілімді түсірді. Теннисшілердің көпшілігі «Дэвис кубогын» ұнатады және өз елі үшін ойнағанды жаны сүйеді. Олар форматын өзгертеді деп үміттенемін. «Дэвис кубогын» әр маусым сайын емес, екі жылда бір рет өткізуі керек шығар», - деді Таллон.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер