Astana Open: Доминик Тимнің автограф-сессиясында ұзын-сонар кезек пайда болды

28.09.2023    Оқылғаны: 626
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
ATP 250 Astana Open турнирінде US Open 2020 чемпионы, әлемнің экс-үшінші ракеткасы, Аустрия өкілі Доминик Тимнің автограф-сессияcы өтті.

Бұған жанкүйерлер көптеп жиналды, сондықтан ұзын-сонар кезек пайда болды.

теннис

Доминик Тим қазіргі уақытта ATP рейтингінде 81-орында тұр. Аустриялық теннисші бүгін, 28 қыркүйекте бірінші айналымда Перу елінің өкілі Хуан-Пабло Варильяспен ойнайды.

Астанадағы турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 017 850 доллар. Оның қазіргі чемпионы – әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық теннисші Новак Джокович.

Айта кетейік, былтыр Бейжіңдегі турнирдің тоқтатылуына байланысты бұл бәсеке Астанада ATP 500 сериясында өтті.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер