Михаил Кукушкин Astana Open турнирінің екінші айналымына өте алмады

28.09.2023    Оқылғаны: 687
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Астанада ATP 250 Astana Open турнирінің негізгі кезеңі басталып, іріктеу кезеңдерінің финалы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық Михаил Кукушкин (әлемнің 246-ракеткасы) Астанадағы ATP 250 турниріндегі ойынын аяқтап, Португалияның бірінші ракеткасы Нуно Боргештен (әлемнің 86-ракеткасы) ұтылды - 7:5, 6:7 (6:8), 4:6.

Алғашқы раундта Новак Джоковичтің мұрагері деп аталып жүрген Хамад Меджедович (әлемнің 120-ракеткасы) және тағы бір сербиялық теннисші Ласло Дьере (әлемнің 37-ракеткасы) ойнады. Көрермендер матчта күткен жекпе-жекті көре алмады: 20 жастағы Хамад тәжірибелі әріптесін 6:3, 2:1 есебімен оңай жеңді. Осы жеңісінің арқасында серб Next Generation ATP Finals-қа (21 және одан төмен жастағы үздік теннисшілер үшін) шығатын мүмкіндігін арттырды.

Ресейлік Александр Шевченко (әлемнің 85-ракеткасы) Нидерланд өкілкі Ботик Ван де Зандшульпты (әлемнің 68-ракеткасы) сенімді түрде жеңді – 6:4, 6:3.

Соңғы іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша турнирдің негізгі кезеңіне Егор Герасимов (Беларусь), Әлібек Качмазов (Ресей), Юрий Родионов (Аустрия), Шо Шимабукуро (Жапония) жолдама алды.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер