Балаларға үлкен мейрам

27.09.2023    Оқылғаны: 729
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
ATP 250 Astana Open турнирі аясында Қазақстан теннис федерациясы Қазақстанның барлық өңірлерінен республикалық теннис орталықтарының жас тәрбиеленушілерінің турнирдің үздік ойыншыларымен кездесуін ұйымдастырды. Балалар жүзбе-жүз танысуды және жұлдызды теннисшілерден шеберлік алуды асыға күтті.
 
Шеберлік сабағына Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик, 24-ші ракетка нидерландтық Таллон Грикспор, әлемнің 30-шы ракеткасы чех Иржи Легечка, әлемнің 34-ші ракеткасы француздық Адриан Маннарино және әлемнің 45-ші ракеткасы австралиялық Алексей Попырин қатысты.
Александр Бублик:
«Мұндай іс - шаралар балаларға бізбен араласуға, ойнауға, біздің олар сияқты екенімізді және кәсіби спортшы болу үшін осы жолдан өткенімізді түсінуге тамаша мүмкіндік береді. Үйге қайтып оралғанда мен әрқашан балаларға уақыт бөлуге тырысамын және осындай іс-шараларға қатысамын, және де мен өз тәжірибеммен бөлісуге қуаныштымын»
 
Грикспор Таллон:
«Менің ойымша, әр бала үшін бұл шеберлік сабақтары бекер өтпейді және жадында сақталып қалады. Теннисті жақсы көретін балалардың жанып тұрған көздерін көргенде, осы жаста болған кезді еске түсіресіз. Мен өзім осындай болдым, үлкен берілгендікпен жаттықтым. Ұйымдастырушыларға осындай іс-шара үшін рахмет».
Жас теннисшілер естелік фотосуреттер түсіріп, болашақ профессионалдарға сәттілік тілеген өздерінің кумирлеріне сұрақтар қойды.
 
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер