Тимур Мауленов ATP 250 Astana Open турнирінде жарыс жолын аяқтады

27.09.2023    Оқылғаны: 436
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Beeline Arena ұлттық теннис орталығында ATP 250 Astana Open турнирінің іріктеу кезеңінің ойындары аяқталды.
 
Жарыс ұйымдастырушыларынан Wild card алған қазақстандық Тимур Мәуленов екі сетте француз Александр Мюлерге (әлемнің 84-ші ракеткасы) 4:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды.
 
Ресейлік Әлібек Качмазов (әлемнің 319-шы ракеткасы) венгр Фабио Марожанды (әлемнің 92-ші ракеткасы) 6:2, 6:4 есебімен жеңсе, беларус өкілі Егор Герасимов (әлемнің 664-ші ракеткасы) бельгиялық Зизу Бергсті (әлемнің 172-ші ракеткасы) – 6:4, 6:4 есебімен оңай жеңді. Бергс 2021 жылы Алматыда өткен « Челленджер» санатындағы турнирдің финалында біздің Тимофей Скатовты ұтқан болатын.

Бірінші ойын күнінің нәтижелері:
Таро Даниэль (Жапония) 7:5, 7:6 Стефано Наполитано (Италия);
Игорь Родионов (Аустрия) 6:1, 6:2 Евгений Донской (Ресей);
Шо Шимбакюро (Жапония) 6:0, 2:6, 6:2 Саба Пуртселадзе (Грузия);
Киммер Копьянс (Бельгия) 6:4, 0:1, Рубин Стэтхем (Жаңа Зеландия);
Дамир Джумхур (Босния и Герцеговина) 7:6, 6:3, Доминик Палан (Чехия).
 
BeeHome+ қосыңыз. Басты теннис трансляцияларын жіберіп алмаңыз!
Турнирдің басты демеушілері:
ForteBank
Kazzinc: Бірге алар белес көп!
Lexus Kazakhstan
Visa
Turan суы
7/6 теннис киімдер желісі
 
 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер