Astana Open ATP 250 турнирінің жеребесі тартылды

25.09.2023    Оқылғаны: 596
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:

Елордада 26 қазан – 3 қазан аралығында өтетін Astana Open ATP 250 турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жарысты екінші айналымнан бастайды.

Бублик мажарстандық Мартон Фучович немесе аустриялық Себастьян Офнердің біреуімен кездеседі.

Михаил Кукушкиннің алғашқы қарсыласы – португалиялық Нуну Боргеш.

Доданың бірінші ракеткасы болып тіркелген нидерландылық Таллон Грикспур бірден екінші айналым матчын өткізеді. Доданың екінші ракеткасы – аргентиналық Себастьян Баэс. Сондай-ақ таңдаулылар қатарында чехиялық Иржи Лехечка (4), америкалық Себастьян Корда (5), франциялық Адриан Маннарино (6), сербиялық Ласло Джере (7), швейцариялық Стэн Вавринка (8) және басқалар бар.

«Өткен жылы Астанада АТР 500 турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны туралы теннисшілерден көп естідім. Мұнда бәрі ұнайды. Өзімнің үздік өнерімді көрсету үшін барымды саламын», деді Иржи Лехечка.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер