
Тимофей Скатов Испанияда Михаил Кукушкинді ұтып, ширек финалға өтті
Қазақстанның екінші, әлемнің 129-ракеткасы Тимофей Скатов Севилья (Испания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда отандасы, дүниежүзілік рейтингте 242-орында тұрған Михаил Кукушкинмен кездесті.
Скатов екі сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта 6:2, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ол 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Кукушкин 3 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін рейтингте 335-сатыдағы франциялық Валентин Ройемен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



























