Astana Open ATP 250 турнирінде ТОП-50-ге кіретін он теннисші ойнайды

31.08.2023    Оқылғаны: 2309
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Астанада 26 қыркүйек – 3 қазан аралығында өтетін ATP 250 хард төсенішіндегі турнирге қатысатын ойыншылардың тізімі белгілі болды. 

Жарыс рейтингісін мына теннисшілер бастайды: хорватиялық Борна Чорич (23 АТР), нидерландылық Таллон Грикспор (24 АТР), қазақстандық Александр Бублик (27 АТР), чехиялық Иржи Легечка (29 АТР), америкалық Себастьян Корда (31 АТР), аргентиналық Себастьян Баэс (32 АТР). 

Қазақстан астанасында сондай-ақ франциялық Адриан Маннарино (35 АТР), сербиялық Ласло Джере (38 АТР), аустралиялық Алексей Попырин (41 АТР), швейцариялық Стэн Вавринка (49 АТР) және басқалар ойнайды.

Ел намысын ұлттық құрама көшбасшысы Александр Бубликтен басқа беделді жарыста Михаил Кукушкин (WC), жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов қорғайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер