Тимофей Скатов US Open турнирінің іріктеу финалына шықты. US Open-нің негізгі жеребесі тартылды: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

25.08.2023    Оқылғаны: 898
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
АҚШ ашық чемпионаты ірктеу кезеңінің екінші айналымында Тимофей Скатов италиялық Рауль Бранкаччодан 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. Тимофейдің Нью-Йорктегі келесі қарсыласы АТР 250 Astana Open 2021 турнирінің финалисті Джеймс Дакворт (Аустралия).

28 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте (АҚШ) «Үлкен дулыға» санатындағы US Open турнирі өтеді. 24 тамызда жарыстың негізгі жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирдің алғашқы айналымында әлемнің 37-ракеткасы, украиналық теннисші Марта Костюкпен ойнайды. Матч 28 тамызда өтеді.

Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 79-ракеткасы) алғашқы раундында  италиялық теннисші Мартина Тревизанмен (әлемнің 53-ракеткасы)ойнайды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик аустриялық Доминик Тиммен (әлемнің 82-ракеткасы) ойнайтын болды.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер