Astana Open АТР 250: жұлдыздардан кім келеді және қайдан қарауға болады? 

25.08.2023    Оқылғаны: 650
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Astana Open АТР 250 турнирінің басталуына бір ай қалды. Қазақстан астанасындағы жарыс 2023 жылы 26 қыркүйек – 3 қазан аралығында жабық хард төсенішінде өтеді. Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында мықты ойыншылар жиналмақ. Атап айтқанда, Қазақстан ерлер теннисінің көшбасшысы, әлемнің 26-ракеткасы, Галледегі АТР 500 турнирінің жеңімпазы Александр Бублик, «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы Стэн Вавринка (Швейцария), «Үлкен дулыға» додасын бір рет ұтқан Доминик Тим (Аустрия), әлемнің 32-ракеткасы Себастьян Корда (АҚШ), рейтингте 40-орында тұрған Алексей Попырин (Аустралия) және басқалар анық ойнайды.

Матчқа билеттерді  ticketon.kz сайтынан онлайн түрде алуға болады.

Турнир әлемнің 40-тан астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстан аумағында теннис жанкүйерлері ktf.kz сайтынан бірден екі корттағы ойынды тікелей тамашалай алады. El Arna және Insport телеарналарында тікелей, «Хабар», «31 канал» және Qazsport телеарналарында жазылып алынған күйінде кейін көруге болады.

Көптеген теннис жанкүйерлері биыл Астанада турнир неге 500 емес, 250 сериясы бойынша өтеді және жартылай финал мен финалдық ойындар неге дүйсенбі мен сейсенбіге белгіленген деп сауал қояды. 2022 жылы Қытайдағы COVID шектеулеріне байланысты АТР 500 турнирін уақытша Қазақстан астанасына ауыстырды.  Қазіргі кезде Қазақстан теннис федерациясында АТР 250-дің үздіксіз лицензиясы бар, сондықтан федерация соны пайдаланады, бірақ ҚТФ болашақта  АТР 500 мәртебесіне қол жеткізу үшін белсенді жұмыстануда. Турнирдің шешуші бәсекелерінің дүйсенбі мен сейсенбіге өтуіне келсек, АТР күнтізбенің тығыздығына орай бірнеше турнирде кестені сейсенбіден сейсенбіге дейін қоюға мәжбүр болып отыр.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер