Александр Недовесов Аустриядағы жарыстың финалында жеңіліс тапты

06.08.2023    Оқылғаны: 783
Дереккөз:
Автор:

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліс тапты.

Қазақстандық спортшы эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге соңғы бәсекеде жарыстың 1-ракеткалары, аустриялықтар Александр Эрлер – Лукас Мидлермен кездесті.

Аустриялық дуэт 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық тұғырға көтерілді.

Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Эскобар 5 эйс жасап, өкінішке қарай, 3 брейк-пойнтты пайдалана алмады. Қарсыластарына 3 эйс, 2 брейк (12 брейк-пойнт) жеткілікті болды.

Қазіргі кезде Недовесов әлемдік рейтингіде 45-тен бір саты жоғарылап тұр.


 

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер