US Open. Кукушкин және Шведова үшінші айналымда
Ярослава Шведовамен Михаил Кукушкин «US OPEN» ашық турнирінің үшінші кезеңіне шықты. Жарыстың екінші айналымында Шведова австриялық Патриция Майрды 6:2 және 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Ал Галина Воскобоева екінші ойында әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямске 3:6 және 0:6 есебімен екі сетте ұтылды.
Воскобоеваны еріксіз жарыстан шығарған АҚШ теннисшісі Серена Уильямс бүгін тағы бір қазақстандық Ярослава Шведоваға қарсы кортқа шығады.
Ерлер арасында Михаил Кукушкин де үшінші айналымға сүрінбей өтті. Ол екінші кездесуде австриялық Андреас Хайдер-Маурермен ракетка айқастырды. Біздің жерлес өз қарсыласын үш сетте 6:4,6:4 және 7:5 есебімен қапы қалдырды. Енді ол келесі кезеңде Испанияның алып теннисшісі Давид Ферермен кездеседі
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.