
Бейбіт Жұқаев Пуэрто-Рикодағы турнирдің финалына шыға алмады
Әлемнің 256-ракеткасы, қазақстандық Бейбіт Жұқаев Пальмас дель Мар (Пуэрто-Рико) челленджер турнирінің финалына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 1118-орында тұрған америкалық Майкл Чженмен кездесті.
Чжен рейтингте төмен тұрғанына қарамастан, ширек финалда әлемнің 224-ракеткасы, канадалық Алексис Галарноны 6:3, 0:6, 6:3 есебімен жеңіп кеткен еді.
Бұл жолы да матч тартысты өрбіді. Бірінші партияда Бейбіт 6:3 есебімен басымдылық танытқанымен, содан кейін таразы басы америкалық теннисшінің жағына ауып кетті – 3:6, 6:7 (4:7).
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

























