Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы жарыстың финалында жеңіліп қалды
Қазақстандық, әлемнің 325-ракеткасы, 22 жастағы Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Литтл-Рок қаласында өткен челленджер финалында жеңіліп қалды.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 311-ракеткасы, эстониялық Марк Лаялмен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партия соңында брейк жасаған эстониялық спортшы басымдылық танытты – 6:4.
Екіншісінде есесіне есеп 4:4 болған мезетте Бейбіт брейк жасағанымен, ізінше сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Эстониялық теннисші матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 7:5.
Осылайша, Бейбіт Жұқаев спорттық жолында алғаш рет челленджер турнирінің финалына дейін жетті.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.