
Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады
Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған канадалық Габриэль Диалломен өткізді.
Бірінші партияда Скатов 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте тай-брейкте қазақстандық спортшы жеңісті жұлып алды – 7:6 (8:6).
Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 119-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненмен кездеседі.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

























