
Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды
Қазақстандық Дмитрий Попко АҚШ-тағы Пенсакола ITF M25 турнирінің жеңімпазы атанды.
Әлемнің 419-ракеткасы Попко жарыс барысында бес кездесуін де сәтті өткізді.
Доданың төртінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 923-орында тұрған америкалық Эйден Киммен кездесті. Дмитрий Попко 6:1, 6:4 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.


























